Марқұм Салтанат Нүкенованы қаралап, ақпарат таратқан журналист жауапқа тартылды
Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ.
Экс-министр Бишімбаевтың қолынан мерт болған Салтанат Нүкенованың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат таратқан журналист Антон Бударов сотталды, деп жазады stan.kz.
Антон Бударов 14 желтоқсанда өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, өзін кінәлаған жазба жазған.
"Мен Бишімбаевтың әйелі Салтанатты жәбірленуші деп санамаймын. Ол нағыз абьюзер, күйеуімен ішімдікке салынып, төбелес шығарған. Барып тұрған алаяқ, астрология курсын сатқан. Қарапайым есірткіқұмар отбасы, ол әйел нағыз оңбаған", – деп жазған журналист.
Журналиске қатысты сот үкімі туралы адвокат Дамир Ишмаметов жазды. Оның сөзінше, 2024 жылдың 20 мамырында Бостандық аудандық соты Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарған.
“Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек”, – деп жазды қорғаушы.
Сіздің реакцияңыз қандай?