Жолбарыстар Қазақстанға қайтарылатын болды
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Дүниежүзілік табиғат қоры (WWF International) арасында жолбарысты Қазақстан Республикасына реинтродукциялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл меморандум - Іле-Балқаш табиғи резерватының биоәртүрлілігі мен инфрақұрылымын қалпына келтіруде елеулі жетістіктерге әкелген табысты ынтымақтастықтың жалғасы.
Жалпы, аңның популяциясы жоғары кездің өзінде, қазіргі Алматы және Жетісу облыстарының аумағында Тұран жолбарыстарының саны аз болған. ХХ ғасырдың басында жер бетінде жолбарыстың 9 түрі мекендеп, саны 100 мыңнан асса, ХХІ ғасырдың басында шамамен 3,5 мыңы қалғанын айтты. Сондай-ақ Тұран жолбарыстарының соңғы өкілдері 1970 жылдары жоғалып кеткен.
Еске сала кетейік, 2018 жылдан бастап Қазақстанда Іле өзенінің төменгі ағысында Тұран жолбарысын реинтродукциялау жобасы іске қосылды. Популяцияны қалпына келтіру генетикалық жағынан жақын Амур жолбарыстарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Азықтандыру базасын құру үшін аймаққа бұқар бұғылары әкелінді. 2025 жылы арнайы құрылған Іле-Балқаш резерватына бірнеше жолбарыс жіберу көзделіп отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?