«Жыланбаев деген марафоншы жоқ» - ардагер желаяқ Әмин Тұяқов

Маусым 25, 2024 - 15:45
Маусым 25, 2024 - 15:51
«Жыланбаев деген марафоншы жоқ» - ардагер желаяқ Әмин Тұяқов

Ардагер желаяқ Әмин Тұяқов марафоншы youtube арналардың біріне берген сұқбатында Марат Жыланбаев туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өз сөзінде ол Жыланбаев деген марафоншы жоқ екенін айтады.

«Сендер Жыланбаевтың кім екенін білмейсіңдер. Мен сенбеймін. Қазақстан жылнамасында Жыланбаев деген марафоншы жоқ. Оның қалай шыққанын білмейміз. Маған келіп, «стипендия бер» дейді. Оған не деп стипендия береміз?! Білмеймін оның қай жерде, Қазақстанның қай жерінде жүгіргенін. Сосын одан «Қазақстанда қай жерде, шетелде қай жерде жүгірдің» деп сұрадым. Протокол деген болу керек қой. Сөйлесіп қарасаң, қазақшасы жоқ адам, қазақша мүлдем білмейді екен. Жыланбаев деген біреу шығарып жүрген жай пиар ғана. Менің ойымша, оны біреулер әдейі жарнамалап жүр. Маңайында шетелдіктер, өңшең шетелге шыққандар жүр. Журналистер бірдеңе жазып жатады.

Жыланбаев деген үлкен спортшы бар дегенді білмеймін. Бізде арнайы тізім болады. Ал Жыланбаев бәленше жылы түгенше шақырым жүгірді деген ештеңе жоқ. Шетелдегі жарысқа баратындардың барлығы да федерация арқылы шығады. Ол маған ештеңе ұсынған жоқ», - дейді Әмин Тұяқов. 
Әмин Тұяқов - ардагер желаяқ, 6 дүркін КСРО чемпионы, Еуропа кубогының чемпионы, рекордшы. 

Марат Жыланбаев – марафоншы Гиннес рекордтар кітабына 7 мәрте енген. Жеті күн бойы марафондық жарысқа түскен ол Еуропадағы ең биік тау шыңы Эльбруске (5 642 метр) шықты. Марат Жыланбаев шөл далаларды басып өткені үшін де Гиннеске енді. Атап айтар болсақ, 1992 жылы Қарақұм шөлін (1200 шақырым) 20 күннің ішінде жүгіріп өтті. 1994 жылы әйгілі Сахара шөлін (1700 шақырым) 24 күннің ішінде басып өтті. Сол жылы Үлкен Виктория шөлін 22 күнде, 1994 жылы Мохаве (1218 шақырым) шөлін 17 күнде жүгіріп өткен. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow