Балалар уланған мектептің директоры Асхат Аймағамбетовке қатысты мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылының мектеп директоры Тойлыбай Аймағамбетов қазіргі депутат, бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетовпен туыстық байланысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
«Мен, Аймағамбетов Тойлыбай Серікұлы экс-министр Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен тума-туыстық, дос-жолдастық қарым-қатынасымыздың жоқтығын мәлімдеймін», - деп жазды Тойлыбай Аймағамбетов БАҚ беттерінде жарық көрген мақалаға қатысты.
Айта кетейік, Маңғыстауда оқушылар уланған мектептен репортаж жазған журналистің материалында жазылғандай, Тойлыбай Аймағамбетов өзін Асхат Аймағамбетовтің туысымын деп таныстырған.
Экс-білім министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетовтің өзі бұл адамды мүлде танымаймын дейді.
«Тегіміз бірдей неше адам бар екенбіз, қызық? Олардың бәрін менің туысым деп санасақ, проблеманың бәріне менің тегімді тіркесек – мәселе басқа қырынан ашыла түседі. Мысалы, бүгін, Маңғыстаудан репортаж жасаған басылым мектеп директорын менің туысым етіп жіберіпті. Бірақ, мен бұндай адам бар екенін бірінші рет естіп тұрмын. Жуырда тағы бір жетекші адамды менің туысым деп санаған, алайда, туыстық қатынасымыз жоқ. Айта кетейін, менің білім саласында басшылық қызметте жұмыс істейтін туыстарым жоқ», - деп жазды Аймағамбетов.
Сіздің реакцияңыз қандай?