Желіде Жігер Ауыпбаев қайтыс болды деген ақпарат тарады

Бүгін таңертең өз-өзіне қол жұмсады. Бір саған бұрын хабарланды. Ауыр хабар", - делінген желіге тараған жазбада.

Ақпан 22, 2024 - 09:41
Ақпан 22, 2024 - 10:05
Желіде Жігер Ауыпбаев қайтыс болды деген ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде әнші Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы жалған ақпарат тараған. Өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында бұл жаңалыққа қатысты пікір білдірді, 

Әлеуметтік желіде жарияланған хабарда Жігер Ауыпбаевтың "өз-өзіне қол жұмсағаны" жайлы жалған ақпарат айтылған.

"Бүгін таңертең өз-өзіне қол жұмсады. Бір саған бұрын хабарланды. Ауыр хабар", - делінген желіге тараған жазбада. Ал әнші өзінің "өліміне" қатысты пікір білдірді.

"Осы арнаның түпкі мақсатын түсінбедім. Бір емес, екі емес... Қойсаңдаршы, болды. Мені өлтіріп, не істейін деп жүрсіңдер?", - деп жазды Жігер Аупбаев. 

 

Еске сала кетейік, 2022 жылы да белгісіз біреулер желіде Жігер Ауыпбаевтың "қайтыс болғаны" жайлы жалған ақпарат таратып жіберген болатын.

нұр.кз

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????? (@jiger_auypbaev_official)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow