«Боғауыз депутат»: желіде мәслихат өкілінің қылығы шу тудырып жатыр

Мәслихаттың кезекті отырыстарының бірінде Тимур Елеусізов қиын сын есімді оқи алмай, аузынан боқтап жіберген.

Ақпан 21, 2024 - 17:43
Ақпан 21, 2024 - 17:46
«Боғауыз депутат»: желіде мәслихат өкілінің қылығы шу тудырып жатыр

Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов баяндама жасау барысында боғауыз сөз пайдаланды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Желіде үлкен шуға айналып үлгерген видеодан Тимур Елеусізовтің мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында баяндама оқып жатып, қиын сын есімді бірден оқи алмай, аузынан боғауыз сөз шығып кеткенін байқауға болады. Ал сессия мүшелері ыңғайсыз жағдайда қалып, қипақтап қалған. 

“Алматы жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эепидемиялық жағдайды сипаттайтын органикалық өңір саналады, мұнда жануарларға противопиз... жүргізеді”, – деп салған. Ал шындығында Елеусізов мырза «эпизотиялыққа қарсы» (противоэпизоотический) деп айтпақ болған.

Кейбір БАҚ құралдары «Боғауыз депутаттың» эколог Мэлс Елеусізовтің ұлы екенін айтып жатыр. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow