Қарағандыда жас жұбайлар отырған көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Маусым 24, 2024 - 15:15
Маусым 24, 2024 - 15:16
Қарағандыда жас жұбайлар отырған көлік апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Қарағандыда жас жұбайлар отырған көлік апатқа ұшырады.

ekaraganda.kz парақшасының жазуынша,  оқиға 22 маусымда болған. Бұқар жырау көшесінде орналасқан базар маңында Toyota мен BMW көліктерін тізгіндегендер соқтығысқан. Сонымен қатар сол орында тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне де зақым келген. Апат салдарынан үш адам ауыр жарақат алды. Куәгерлер жол апаты той серуеніне шыққандар, соның ішінде ол көлікті басқарған жүргізуші кінәлі дейді. Ол көліктің ішінде қалыңдық та отырған.

«Апат салдарынан Toyota және BMW көліктерінің жүргізушісі, әрі BMW-де отырған 20 жастағы қалыңдық медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция істі тіркелді. Сараптама жұмыстары жүргізілген соң, іс жүргізу шешімі белгілі болады», – дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow