Мәулен Әшімбаев Үкіметтің отставкасына қатысты жауап берді
7 ақпан күні Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді деп жоспарланып отыр.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев атқарушы биліктің жұмысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты.
БАҚ өкілі спикерден "Үкіметтің отставкасы күтіле ме?" деп сұрады.
"Біріншіден, бұл сұраққа жауап беру құзыретіме кірмейді. Осыған қатысты қандай да бір пікір білдіргенім дұрыс емес деген ойдамын. Бірақ жалпы алғанда Үкімет белсенді жұмыс істеп жатыр, жүктелген міндеттерді орындауда. Әрине, БАҚ-та жазылып жатқан қандай да бір олқылықтар да кездеседі. Алайда бүгінде Үкімет Мемлекет басшысының бастамасымен кешенді реформаларды іске асыру үшін қажеттінің бәрін жасап жатыр. Парламент, оның ішінде сенаторлар тарапынан тиісті құқықтық база құрылуда", - деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері Үкіметтің жұмысына баға беруден бас тартты.
"Егер қазір қандай да бір сан айтатын болсам, оны әркім әртүрлі түсінетін болады. Сондықтан да осыған дейін атап өткенімдей, қазір Үкімет белсенді жұмыс істеуде. Ал енді нақты аспектілерге, министрлерге, бағыттарға қатысты мәселелер 7 ақпан күні өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылады деп ойлаймын", - деді Сенат төрағасы.
Сіздің реакцияңыз қандай?