«Көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап кетті»: желіде сұмдық ақпарат тарады
Алды да тамағын орып жіберді, болды. Олардың нені бөліспегені түсініксіз.
Оралда такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл хабарда жұрттың көзінде белгісіз біреулердің такси жүргізушісін бауыздап тастағаны айтылған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Ремзавод - ғажайып мекен. Біздің көз алдымызда такси жүргізушісін бауыздап тастады. Полиция келді. Жедел жәрдеммен алып кетті, аман қала ма, жоқ па, білмеймін. Міне, осындай жағдай. "Ремзавод" аялдамасы маңында. Алды да тамағын орып жіберді, болды. Олардың нені бөліспегені түсініксіз», - делінген «Мой город» телеграм арнасында тағараған ақпаратта.
Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қорқынышты хабарға қатысты пікір білдірді. Полицияның мәліметінше, такси жүргізушісіне шабуыл жасалмаған.
"Полицейлер болған жайтты анықтады. 10 ақпанда көлікте бірге ішімдік ішіп отырған кезде екі адам арасында жанжал туындап, біреуі екіншісіне дене жарақатын салып, соның салдарынан денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция.
Сіздің реакцияңыз қандай?