«Жазаң ауыр болады»: әнші Балжан Бидаш ескерту жасады

Жеңіл ақша табамын деп өмір жолыңды ауырлатпа.

Наурыз 26, 2024 - 10:03
Наурыз 26, 2024 - 10:05
«Жазаң ауыр болады»: әнші Балжан Бидаш ескерту жасады
фото: әлеуметтік желіден

Танымал әнші Балжан Бидаш әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің атын жамылып, халықтан ақша ұрлап жүрген алаяқтардан сақтануды ескертті.

Өнер иесі алаяқтар енді халықтың сеніміне өтірік дәлел арқылы кіруге тырысып жатқанын айтты.

«Сақ болыңыздар! Телеграмда алаяқтар өтірік дәлел жинап, сенімге кіріп, өтірік ойын ойнатып жүр. Тіпті таргетке де жарнама шығарған. Осыны сол адам көріп отырса, жазаң ауыр болады, жеңіл ақша табамын деп өмір жолыңды ауырлатпа», - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow