Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнен» кететіні рас па – министрлік жауап берді

Айта кетейік, «Қазақфильм» АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті.

Шілде 31, 2024 - 12:41
Шілде 31, 2024 - 12:41
Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнен» кететіні рас па – министрлік жауап берді
Фото: Ғ. Мүсірепов атындағы театр

Әлеуметтік желіде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен кететіні жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ басшылығына тура бір жыл бұрын – 2023 жылғы шілденің соңында келген. Ол бұған дейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының жұмыстан босатылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды», — делінген ведомство жауабында.

Айта кетейік, «Қазақфильм» АҚ қызметкерлері киностудия алдында жиналып, басшылықтың шығуын талап етті. Анимация бөлімінің мамандары бір жыл бойы жалақы алмағанын айтып, шағымданған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow