«Жасы 19-да»: Қырғын салған төрт лаңкес туралы тың дерек шықты
Мәскеудің Басманный аудандық соты "Крокус сити холлдағы" терроризмге қатысты күдіктілерге бұлтарпас шарасын тағайындады.
Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған теракт бойынша ұсталған екінші адам, Тәжікстан азаматы Муродали Рачабализода кінәсін мойындады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Мәскеудің Басманный сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін жексенбі күні сот осы іс бойынша тағы бір айыпталушы Далержон Мирзоевті 2 ай мерзімге қамауға алған болатын. Алғашқы күдікті Мирзоев та өз кінәсін мойындады.
Далерджон Мирзоев — жүзден астам адамның өмірін қиған "Крокус Сити Холл" қырғыны ісі бойынша бірінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 32-де;
Тәжікстан тумасы;
Кәмелет жасқа толмаған төрт баласы бар;
Ол Новосибирк қаласында үш айлық уақытша тіркеуден өткен, бірақ құжат мерзімі өтіп кеткен.
Ұсталғандардың екеуі де ұйымдасқан топ құрамында адам өліміне әкеп соқтырған лаңкестік әрекетті жасады деп айыпталуда. Сондай-ақ, Басман соты лаңкестік іс бойынша тағы екі айыпталушы – Мухаммадсобир Файзов пен Шамсидин Фаридуниді қамауға алу туралы өтініштерді қарайды.
Рачабализода Саидакрами Муродали — "Крокус Сити Холлда" лаңкестік әрекетке барған екінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 30-да.
Үйленген, бір баласы бар.
Оның аяқталмаған орта білімі бар;
Бұған дейін сотталмаған;
Айыпталушының айтуынша, қайда тіркелгені есінде жоқ;
Қорғаушысы бар;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Тергеушілердің айтуынша, төртеуі де Крокус Сити Холлға жасалған шабуылдың тікелей қатысушылары болған, оның барысында 130-дан астам адам қаза тапқан.
Айта кетейік, күдіктілер сотқа дейін айыпталушылардың әрқайсысы жауап алу кезінде азаптауға ұшыраған.
Мәскеу аудандық соты РФ Қылмыстық кодексінің 205-бабы "Террористік акт" бойынша айыпталған Фаридуни Шамсутдин мен Мұхаммадсобир Файзовты 2024 жылдың 22 мамырына дейін, яғни 28 тәулікке қамауда қалдыру туралы шешім қабылданды.
Шамсутдин Фариддуни — "Крокус Сити Холл" ісі бойынша айыпталған үшінші адам.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы 25-те;
Үйленген, бір баласы бар;
Красногорск қаласында тіркеуден өткен;
Тәжікстан азаматы;
Тағайындалған қорғаушысы бар;
Ол Подольск қаласындағы фабрикаға ресми жұмысқа тұрған;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Сотқа 25 жастағы Фаридуни Шамсутдин мен 19 жастағы Мұхаммадсобир Файзов жеткізілді. Файзовты жедел жәрдем қызметі алып келген.
Мухаммадсобир Файзов — "Крокус Сити Холлда" қырғын жасаған төртінші айыпталушы.
Бізге белгілі жайттар:
Жасы небәрі 19-да;
Үйленбеген, балалары жоқ;
Тәжікстан азаматы;
Орта білімді;
Иваново қаласында шаштараз болып істеген;
Тіркеу орны — Иваново;
Бұған дейін сотталмаған;
Аудармашы арқылы тілдеседі.
Фаридуни Шамсутдин үйленген, сегіз айлық баласы бар. Подольскте тіркелген, паркет дайындайтын зауытта жұмыс істегені анықталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?