«Жақын туыстарына жалақы төлеп отырған»: Маңғыстауда 4 ірі мұнай-газ компаниясының басшылары қамауға алынды

Маусым 25, 2024 - 11:48
Маусым 25, 2024 - 11:52
«Жақын туыстарына жалақы төлеп отырған»: Маңғыстауда 4 ірі мұнай-газ компаниясының басшылары қамауға алынды

Маңғыстау облысында мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық прокуратураға қарасты экономикалық тергеу департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірлесіп, бес бірдей басшының қаражат жымқырғанын анықтады.

«ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС-нің («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) лауазымды тұлғалары тауар жеткізушіден 1,5 млрд теңгеден астам сомаға техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін автобустарды қабылдағаны анықталды. Бұл ретте олардың құны 400 млн теңгеге жоғарылатылған.Жұмыс істелмеген арнайы техника қызметтері үшін 110 млн теңге мөлшерінде ақша қаражатын аудару фактілері белгілі болды», – делінген жазбада.

Одан бөлек, «West Oil Software» ЖШС-де («ОйлТранспортКорпорейшн» ЖШС мердігерлік ұйымы) жұмыс істемеген адамдарға 400 млн теңгеден астам жалақы төлеу, компания басшылығының жақын туыстарын негізсіз жалақы төлегені де белгілі болды.

«Аталған бұзушылықтар бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде беру немесе жымқыру) бойынша 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Процестік прокурорлар тағайындалды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде аталған ұйымдардың 4 басшы лауазымды тұлғалары ұсталды.Қылмыстық істер облыстық экономикалық тергеу департаментінің өндірісінде.Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow