Батыс Қазақстанда үш адам көлікте тірідей жанып кетті

Маусым 25, 2024 - 11:12
Маусым 25, 2024 - 11:13
Батыс Қазақстанда үш адам көлікте тірідей жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында Toyota Prado Volvo жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік отқа оранды. 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 16.45-те Самара-Шымкент жолы бойында Теректі ауданы аумағында болды.

«Аңқаты ауылы тұсында Toyota Prado Volvo жүк көлігінің тіркемесімен түйісті. Жол апаты салдарынан жеңіл көлік отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін автокөлік салонынан үш адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow