Жәнібек Әлімханұлының кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Қарсылас рекорды 21-0.
Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) кезекті қарсыласы анықталды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қазақстандық боксшы 13 шілде күні шаршы алаңға оралып, IBF нұсқасы бойынша міндетті қарсылас, Жаңа Зеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен қолғап түйістіреді.
"Ресми! Қарсылас рекорды 21-0. IBF Андрейді міндетті қарсылас етіп бекітті. Бұйыртса 13 шілдеде Лас-Вегаста Qazaq style-ды әлем тамашалайтын болады! Бұйыртса жарқын жеңістен соң титул біріктіру шаруасына кірісеміз! Жекпе-жекке дайындығымызға қолдауын көрсетіп жатқан Кеңес Рақышев ағамыз екенін баршаңыз білесіздер!", - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының соңғы айқасы өткен жылдың қазан айында болған. Ол неміс боксшысы Винченцо Гуальтиериді (22-1-1, 7КО) мерзімінен бұрын жеңіп, одан IBF титулын тартып алған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?