Головкиннің 25 млн теңге жалақы алатыны рас па?

"Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында", – деген еді Артаев.

Шілде 14, 2024 - 15:23
Шілде 15, 2024 - 09:52
Головкиннің 25 млн теңге жалақы алатыны рас па?
Фото: ҰОК

2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасына берген сұхбатында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкиннің жалақысы туралы айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Нақты білмеймін, бірақ Головкиннің ҰОК-дегі жалақысы – 20-25 миллион теңге шамасында», – деген еді Артаев.

Ұлттық Олимпиада комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, Геннадий Головкин президенттік қызметті ерікті негізінде атқарады. Оның қызметіне ақша төленбейді. Оның мотивациясының қаражатқа да, саяси карьераға да қатысы жоқ.

«Ең алдымен оның жұмысы қазақстандық спортқа қолдау көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан ҰОК-тың халықаралық спорттық қоғамдастық алдындағы беделін нығайтуға бағытталған.

Өз қызметіне кіріскен бойда Геннадий Головкин ҰОК-тың мемлекеттік бюджет ақшасына үміттенбейтінін ашық айтқан. Ұйымның қызметі Г.Головкиннің қатысуымен тартылған демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асуда.

Жалған ақпарат таратушылар ҚР заңына сәйкес жауапқа тартылатынын, нақтылап айтар болсақ, ҚР ҚК 274 бабына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге саламыз», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow