Заманбек Нұрқаділовтің сағаты аукционға қойылды
Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Ұлан Нүсіпәлі марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтен сыйға алған алтын сағатын қайырымдылық аукционға шығарды.Оның айтуынша, түскен қаржат ауылдың балаларын өнер-білімге дайындайтын мектептің ашылуына жұмсалмақ, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы актердың ұлы хабар таратқан.
«Заманбек Нұрқаділов әкемді қатты жақсы көретін және әкемнің «Терісқақпай» театрын әрқашан қолдап жүрген… Себебі әкем Нарынқолдан келген ауылдың өнерлі баласы болатын. Ал Заманбек аға ауылдың өнерлі балаларын қолдағанды жақсы көретін.
1999 жылы Заманбек аға мен Мақпал апа Есік қаласында демалыстарын өткізіп жатқан еді. Анам ол кезде маған екіқабат екен. Әкем Заманбек ағамен амандасып, қайтайын деп барғанда Заманбек аға қолындағы алтын сағатын әкеме тағып, «Інім, мына сағат сенде болсын. Бірақ сатып жіберме!» деп сыйлық жасаған екен. Әкем «Әрине Зәке, сатпаймын» деп уәде беріпті.
Бірнеше күннен кейін Мақпал апа сол сағаттың қорабын, түбіртегін, жарамдылық талонын әкеме әкеліп беріпті.
2005 жылы Заманбек аға қайтыс болды. Содан бері әкем бұл сағатты мүлдем тақпай, сақтап қойды. Алтын сағатты әкем «Ағамның көзі ғой» деп сақтап қойған.
Сондай-ақ, ол сағаттың тағылмай тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болғанын айтты.
2005 жылдан бері отбасымызда қиын кезеңдер болмады емес, болды. Әкем айтпақшы үйде қарапайым қант та болмаған кездер болды. Сол уақытта талай кісілер «Зәкеңнің сағатын бізге бәлембай мың долларға сатшы» деп сұрайтын.Оның айтуынша, түскен қаржатқа ауылдан ауылдың балаларын өнер-білімге дайындайтын мектептің ашылуына жұмсалмақ Бірақ әкем ешқашан сағатты сату деген нұсқаны тіпті ойына алмайтын
Сағаттың тағылмай, сақталып тұрғанына 20 жылға жуық уақыт болды. Осы жылы әкем екеуміз Заманбек ағаның сағатын мектептің аукционына берейік» деп шешім қабылдадық. Себебі, Заманбек ағаның тірі кезіндегі мақсаттарының бірі – ауылдың өнерлі балаларын қолдау еді. Осы миссияны қазіргі кезде атақарып, мектеп ашып жатқан Қуаныш Бейсек және Ұлықббек Шарипов.
Сағат аукционда қымбатқа сатылып, түскен қаржыға білімді балаларға жұмсалуын нәсіп етсін! Басты мақсат – Заманбек Нұрқаділов ағамыз өмірден өтсе де, артынан баратын сауаптарын тоқтатпау»,– деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?