Шатырлар ұшып жатыр: Маңғыстауда жойқын дауыл соқты
Маңғыстау облысына қарасты Құрық ауылында мәдениет үйі мен аудандық қазынашылық басқармасы ғимараттарының шатырын жел ұшырып әкетті. Мәдениет үйіндегі қираған шатырдың ауданы 110 шаршы метр болды, - деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
Қатты жел салдарынан Жетібай кентінде №3 орта мектептің шатырының бір бөлігін де жел ұшырып әкеткен. Желіде Маңғыстаудың метеорологиялық картасы бар бейне пайда болды.
Облыстық ТЖД аймақта тұрақсыз ауа-райы күтілетінін хабарлаған. Департамент тұрғындарға дауыл кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?