«Ақша жымқырып, салық төлеуден жалтарған»: Маңғыстауда Кезби компаниясының директоры қамауға алынды
Қаржылық мониторинг агенттігі "Кезби" компаниясының қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының аяқталғанын хабарлады
Агенттік мәліметіне сәйкес "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы ("аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деп күдіктелуде. 2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттар жасасты. Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылды”, – делінген хабарламада.
Бірақ қаражаттың 321 миллион теңгені қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайларды жақсарту үшін жұмсамай, компания басшысы жымқырды деп айыпталған
“2024 жылғы 3 қарашада күдікті Е.Кезбаев ұсталды. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – деп қосты агенттіктің баспасөз қызметі.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетсек, жақында “Кезби” компаниясының 96 қызметкері өз ауысымына шықпай, бас көтерген еді. Компания басшысы Ержан Кезбаев наразылық білдірген қызметкерлердің жалақысы 800 мың теңге көлемінде екенін және айлықтың уақытылы төленетінін айтқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?