Түркістан облысындағы түрмеде тұтқындар бүлік шығарды
Тәртіпсіздіктер кезінде ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алған.
Түркістан облысындағы түрмеде сотталғандар бүлік шығарды, деп жазады Stan.kz.
Түркістан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеуіне байланысты наразылық білдірген.
20 қыркүйек күні кешке жазасын өтеушілер электр трансформаторын өртеп жіберген. Тәртіпсіздіктер кезінде ұлттық ұланның екі қызметкері мен бір полиция қызметкері жарақат алған.
"Аталған факті бойынша "мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, сол сияқты топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану немесе өзіне қасақана зиян келтіру” бабымен қылмыстық іс қозғалды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысындағы түрмеде сотталғандардың өздеріне қол салмақ болғаны туралы жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?