«Ауруханада жатып, көп ойландым»: Жұлдыз Әбдікәрімова өз таңдауын жасағанын айтты
Актриса әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ.
Отандық киножұлдыз, актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан жазба жариялап, жан сырын ақтарды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі басы айналып, құлап, ауруханаға жеткізілген еді.
“Ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзге тұрмақ, өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы – ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым – үнсіздік екен", – деп жазды актриса.
Айта кетейік, актриса әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ. Алайда басының ауырғаны тоқтамай, әлсіздік барын айтқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?