Владимир Путин ресми сапармен Қырғызстанға барды

12 қазанда Қырғызстанға ресми сапармен Ресей басшысы Владимир Путин барды. Қырғызстан министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек әуежайынан оны министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қарсы алған.  Путин сапары аясында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізеді, бұған қоса ҰҚШҰ-ның Кант қаласында авиация базасының ашылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатысады.  13 қазанда Бішкекте ТМД елдері басшыларының кеңес отырысы өтеді.  Өткен айда Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу кезінде Ресей басшысы Қытай басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен қазан айында Қытайға баратынын айтқан.  Тамыздың соңында  Bloomberg ақпарат агенттігі Владимир Путин Гаагадағы халықаралық сот оны тұтқындауға ордер бергелі бері жарты жылда алғаш рет – қазан айында өзге елге баратынын жазған. Агенттіктің дереккөзінің хабарлауынша, Ресей президенті Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасына арналған саммитке қатысу туралы шақыруын қабылдаған.  Биыл наурызда Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген. Ол Украинаның Ресей басып алған аумағынан балаларды заңсыз тасымалдады деп айыпталып отыр. Осыған ұқсас ордер Ресейдегі бала құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Мария Львова-Беловаға да берілді. Содан бері Ресей президенті ешқайда бармаған. Путиннің өзі "балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін" оларды қақтығыс аймақтарынан алып кеткенін айтқан.

Қазан 13, 2023 - 02:01
Қазан 13, 2023 - 02:03
Владимир Путин ресми сапармен Қырғызстанға барды

12 қазанда Қырғызстанға ресми сапармен Ресей басшысы Владимир Путин барды. Қырғызстан министрлер кабинеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бішкек әуежайынан оны министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров қарсы алған.

Путин сапары аясында Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен екіжақты келіссөз жүргізеді, бұған қоса ҰҚШҰ-ның Кант қаласында авиация базасының ашылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға қатысады.

13 қазанда Бішкекте ТМД елдері басшыларының кеңес отырысы өтеді.

Өткен айда Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу кезінде Ресей басшысы Қытай басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен қазан айында Қытайға баратынын айтқан.  Тамыздың соңында  Bloomberg ақпарат агенттігі Владимир Путин Гаагадағы халықаралық сот оны тұтқындауға ордер бергелі бері жарты жылда алғаш рет – қазан айында өзге елге баратынын жазған. Агенттіктің дереккөзінің хабарлауынша, Ресей президенті Қытайдың "Бір белдеу – бір жол" жобасына арналған саммитке қатысу туралы шақыруын қабылдаған.

Биыл наурызда Халықаралық қылмыстық сот Владимир Путинді тұтқындауға ордер берген. Ол Украинаның Ресей басып алған аумағынан балаларды заңсыз тасымалдады деп айыпталып отыр. Осыған ұқсас ордер Ресейдегі бала құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен Мария Львова-Беловаға да берілді. Содан бері Ресей президенті ешқайда бармаған. Путиннің өзі "балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін" оларды қақтығыс аймақтарынан алып кеткенін айтқан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow