Утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы петиция авторлары мәлімдеме жасады.

Нартай Аралбайұлы, Ринат Заитов, Казыбек Иса сынды депутаттар қайда?

Маусым 14, 2024 - 10:25
Маусым 14, 2024 - 10:26
Утиль алымы және бастапқы тіркеуге қарсы петиция авторлары мәлімдеме жасады.

Кеше утиль алымына бойынша жұмыс тобы отырысы болып өтті. Белсенділердің айтуынша, жиын бірнеше сағатқа созылған. Алайда жиында нақты ештеңе шешілмегенге ұқсайды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Утилизация алымына және бастапқы тіркеуге қарсы петиция авторы Санжар Боқаевтың айтуынша, жиынның ұйымдастырылуы өте төмен, нақты мамандар шақыртылмаған. Ол аздай тізімге утиль алымына қатысты пікір білдіріп жүрген мамандар мен белсенділер енгізілмеген. Сонымен қатар осы мәселе бойынша Парламент мінберінен сөйлеп жүрген Қазыбек Иса, Нартай Аралбайұлы, Ринат Заитов сынды депуттаттар да шақыртылмаған.

«Қысқасы, жиын өткендегідей уақыт өткізу және көз алдау мақсатында өткізілген болып шықты», - дейді Утилизация алымына және бастапқы тіркеуге қарсы петиция авторы Санжар Боқаев.

Утилизация алымын жинауға қатысты петицияға 50 мың адам қол қойып, оны қарайтын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының алғашқы отырысы 6 маусым Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ғимаратында өтуі керек еді. Алайда петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтпей қалды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі петиция авторы Санжар Боқаев пен оның өкілдері отырысқа қатысудан бас тартқан болатын. Себебі, ғимарат “стратегия нысаны” болғандықтан, келген азаматтардан телефонын кіреберісте қалдырып кету туралы талап қойылған. Осыған байланысты белсенділер жалпы отырысқа қатысудан бас тартқан.

«Отырыс 6 маусым 17.00-де өтетінін бір күн бұрын ғана естідік. Заң бойынша, олар бізге үш күн бұрын хабарлап айтуға тиіс. Отырыстың болатынын кеш естіген соң, ұшаққа билет таппай, Алматыдан Астанаға көлікпен бардым. Осы жұмыс тобына қатысу үшін 16 сағат жол жүрдім. Бірақ бізге ішке телефонмен кіруге рұқсат бермеді. Билік өз ұстанымын ашық көрсеткісі келмеді», – дейді петиция авторы.

Оған қоса ол бұл іс-шара ашық өтіп, халық жиналыстың қалай өтіп жатқанын онлайн форматта көріп отыруы керек екенін айтады.

«Қазақстан Республикасының утилизация алымына және бастапқы тіркеуге қарсы петициясы – халықтың петициясы. Сондықтан мұндай кездесулерді министрлік ғимаратында жабық өткізуге болмайды», – дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow