«Ең үздік»: Нью-Йорктегі әскери академияның бітіру кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті тәнті етті
Қазақ қызын ортаға "ең үздік оқушы" деп, сөз сөйлеуге шақырған
АҚШ-тағы әскери академияның бітіру кешінде қазақша сөйлеген қыз көпшілікті тәнті етті, деп хабарлады Massaget.kz.
Видеоны Нью-Йоркте жүрген қазақстандық фотограф Аркен Аван Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
Ол бұл шараға тапсырыс бойынша басқа баланы түсіруге барғанын, қазақ қызын кездейсоқ кездестіргенін айтқан.
Видео авторы қазақ қызын ортаға "ең үздік оқушы" деп, сөз сөйлеуге шақырғанын айтты. Малика есімді қазақ қызы бітіру кешіндегі сөзін ағылшын тілінде бастап, қазақша жалғастырып, кейін немісше де сөйлейді.
"Әрдайым маған жақсылық тілеп, еркелігімді көтеріп, алыстан уайымдап, мені сағынып жүретіндеріңіз үшін көп рақмет! Ауырмаңыз, жасыңыз ұзақ болсын!", - деді ол ата-анасына арнап айтқан сөзінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?