Ұлытауда әйелді екі баласымен көлік қағып кетті

Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала көз жұмды

Шілде 18, 2024 - 10:03
Шілде 18, 2024 - 10:04
Ұлытауда әйелді екі баласымен көлік қағып кетті

Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан екі баласы бар әйелді көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай «Восток»кооперативіндегі «Дача» аялдамасының жанында болған.

3 жастағы баласын жетектеп жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелдің жанында жаңа туған нәрестесі де болған. Жол апатына 36 жастағы жүргізуші себеп болған. Ауыр жарақат салдарынан 3 жастағы бала оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

«Әйел мен сәби ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow