«Есім таңдап жатырмыз»: Жұлдыз Әбдукәрімова қуанышты жаңалығын бөлісті

Дүниеге қыз бала келді.

Наурыз 26, 2024 - 11:12
Наурыз 26, 2024 - 11:13
«Есім таңдап жатырмыз»: Жұлдыз Әбдукәрімова қуанышты жаңалығын бөлісті
фото: әлеуметтік желіден

Актриса Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, таныс режиссері дүниеге қыз әкелген.

"Бүгін таңмен таласып, мына жарық дүниеге тәп-тәтті қыз келді. Естеріңізде болса, мен Атырауда жүргенде Гүлназдың ай-күні жақындап қалған еді. Сол кезде Астанаға келіп босанатынын айтып, маған доула болуыма қолқа салған. Сәресіде перзентханадан "басталды, жет!" деген қоңырау түсті. Арпалысып, ырым-тыйымдарын жасап, сүрелерімізді оқып, дәрігердің айтқанын жартылай болса да орындауға тырысып жүріп босандырып алдық", - деп жазған ол. 

Актриса үшінші рет кіндік шеше болып жатқанын жазған.

"Бұл менің үшінші кіндік балам. 8 жастағы Санжар, 5 айлық Әмірхан деген ұлдарымнан кейінгі осы үшінші қызым болды. Айтпақшы, есім таңдап жатырмыз. Өзім босанған төрт бала, босандырып алған үш баланы қосқанда доула мамандығынан біраз тәжірибе жинақтап алдым. Енді қырық күн күтініп, ана мен балаға денсаулық тілеп отырамыз. Жаны қалды", - деп жазған ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow