Украин Қарулы күштері тағы бір ресейлік зымыран кемесінің көзін жойды

Естеріңізде болса, бұған дейін украиндық сарбаздар теңіз миналарын анықтайтын «Ковровец» және ресейлік Қара теңіз флоты Қырымдағы қанатты зымырандар тасымалдайтын «Циклон» кемесін жойған болатын.

Мамыр 22, 2024 - 12:39
Мамыр 22, 2024 - 12:43
Украин Қарулы күштері тағы бір ресейлік зымыран кемесінің көзін жойды

Украин Қарулу күштері тағы бір ресейлік зымыран кемесінің көзін жойды. Украина қарулы күштерінің бас штабы мәлімдеуінше, 19 мамырға қараған түні украин әскерлері ресейлік «Циклон» зымырандық кемесіне соққы беріп, суға батырып жіберген. Операция оккупацияланған Севастополь аймағында болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Украина қорғаныс күштері ресейлік Project 22800 Cyclone зымырандық кемесіне соққы берді», - делінген хабарламада.

Кеме 2016 жылы оккупацияланған Украина аумағында Керчь қаласында қойылды, 2020 жылы айдынға жіберіліп, 2023 жылы 12 шілдеде Ресей Әскери-теңіз күштерінің Қара теңіз флотына қабылданыпты.  2023 жылы 22 тамызда алғашқы жауынгерлік міндетін атқарған.

«Циклон» Ресей Федерациясының Қара теңіздегі 22 800 «Қарақұрт» жобасының алғашқы кемесі болып саналады. Ал Ресей Федерациясының барлық флоттарында небары осындай төрт кеме бар екен.

Естеріңізде болса, бұған дейін украиндық сарбаздар теңіз миналарын анықтайтын «Ковровец» және ресейлік Қара теңіз флоты Қырымдағы қанатты зымырандар тасымалдайтын «Циклон» кемесін жойған болатын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow