АҚШ-тағы сайлау: әзірше Трамп алда келеді

210 және 230 болып тұр. Алайда көптеген сарапшылар Харристің Трампты басып оқуға әлі де мүмкіндігі бар екенін айтады.

Қараша 6, 2024 - 10:35
Қараша 6, 2024 - 10:45
АҚШ-тағы сайлау: әзірше Трамп алда келеді

АҚШ-та президент сайлауы  да өз мәресіне жақындап қалды. 
Әзірше үміткер Трамп алда келеді. Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша сайлау қорытындысы 210 және 230 болып тұр.

Алайда көптеген сарапшылар Харристің Трампты басып оқуға әлі де мүмкіндігі бар екенін айтады. Себебі, АҚШ-тағы сайлауда шешуші болып саналатын құбылмалы штаттардағы бюлетендер әлі саналып біткен жоқ.

Харрис сайлауда жеңіске жетсе, АҚШ-тың алғашқы әйел президенті және шығу тегі оңтүстіказиялық алғашқы президенті болмақ. Ал Трамп жеңсе, президент сайлауында бір мерзім үзіліс салып барып қайта жеңген екінші адам атанбақ. Ол сондай-ақ  үшінші рет президент сайлауына түсіп отыр.

Азаттық сайтының жазуынша, сайлау нәтижесінің әлем елдері арасында Украинаға мейлінше қатты әсер етуі мүмкін. Себебі, Украинаны қолдау мәселесінде екі кандидаттың ұстанымы екі түрлі.

Харрис Украинаны қолдауда Байденнің саясатын жалғастыратынын мәлімдеп, Ресейдің жеңілгенін қалайтынын айтса, Трамп болса, АҚШ-тың Украинаға көмегін даулап, Ресей басқыншылығынан қорғанған Киевті қолдауда Еуропа мойнына көбірек жүк алуы керек деп мәлімдегені белгілі.

«Сайлауалды науқанның соңғы күндерінде екі үміткер де жақтастарын дауыс беруге шақыруға барын салды. Екеуі де бұл науқанды АҚШ болашағын айқындайтын сайлау деп атап отыр.
2022 жылы АҚШ жоғарғы соты әйелдерге аборт жасау жөнінде конституциялық құқық беретін шешімнің күшін жойған еді. Осы сайлауда Харрис әйелдердің аборт жасау құқығын қолдайтынын шегелеп айтумен болды. Ол сондай-ақ Трампты демократияға төнген қауіп деп атап, оның 2020 жылғы сайлауда Байденнің жеңісін мойындамағанын, 2021 жылғы 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуылда рөл атқарғанын атап өтті.

Трамп ел ықыласын өзіне тарту үшін популистік ұрандарына арқа сүйеп, екінші мерзімінде экономиканы жақсартуға күш салатынын, сырттан келетін мигранттар толқынын тоқтататынын және АҚШ-тың Қытай секілді қарсыластарына қаталырақ болатынын мәлімдеді», - деп жазады аталмыш дерек көзі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow