UFC: Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды
Рахмоновтың командасындағы дереккөз жекпе-жектің болмайтынын растады.
Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі титулдық жекпе-жегі болмайтын болды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі керек еді, алайда жекпе-жек өтпейді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде промоушен чемпионы Белал Мұхаммадтың (24-3-0-1) белгісіз себептермен жекпе-жектен шығып қалғаны туралы ақпарат тараған болатын. Рахмоновтың командасындағы дереккөз жекпе-жектің болмайтынын растады.
Қазіргі таңда Шавкаттың UFC 310 турнирінде басқа қарсыласпен шығатыны немесе чемпион Мұхаммадпен жекпе-жекке шығуын күтетін-күтпейтіні туралы келіссөздер жүргізілуде.
Бұл Белал Мұхаммадтың шілде айында британдық Леон Эдвардсты (22-4) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп алғаннан кейінгі алғашқы титулын қорғауы болар еді.
UFC-дегі жартылай орта салмақ рейтингінде үшінші орынды иеленіп отырған Шавкат үшін бұл 2024 жылғы алғашқы жекпе-жек болмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?