Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіровтің 44 жыл бұрын жеңіп алған алтын медалін көрсетті (ФОТО)

Тарихи сабақтастық деген осы болар.

Тамыз 26, 2024 - 12:25
Тамыз 26, 2024 - 12:29
Елдос Сметов Жақсылық Үшкемпіровтің 44 жыл бұрын жеңіп алған алтын медалін көрсетті (ФОТО)
Фото: yeldos60kg инстаграм парақшасынан

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 44 жыл бұрын грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасында Жақсылық Үшкемпіров жеңіп алған алтын медалді көрсетті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Елдос Сметов бір қолына өзінің, екінші қолына Жақсылық Үшкемпіровтің медалін ұстап суретке түсіп, Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

«Тарихи сабақтастық деген осы болар. Қазақтың аты аңыз болған балуаны, батыры Жақсылық ағамыздың 44 жыл бұрын жеңіп алған алтын медалі және ағамыз осыдан 8 жыл бұрын бата беріп, сіздер тілекші болып Парижде қарсыласты жығып жеңіп, алып келген алтын медаль. Еліміздің еңсесін көтерер сәттер көп болсын, ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз биікте бола берсін», — деп жазды Сметов.

Желі қолданушылары екі Олимпиада чемпионы бір-біріне ұқсайтынын жазып жатыр.

«Түрлеріңіз де, бойларыңыз да келеді! Шынымен де өте үлкен ұқсастық, тарихи биік белес!», «Қазақтың абыройын асқақтатқан батырларымыз», «Жақсылық атамызға ұқсап тұрсыз», «Жақсылық атамыз бір аунап тұрған шығар! Ерсің, Елдоc», — деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында 29 жасында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды. Ал 31 жастағы Елдос Сметов биыл Парижде өткен төрт жылдықтың басты додасында Олимпиада чемпионы атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YELDOS SMETOV (@yeldos60kg)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow