Қызылордада шенеунік бизнесмендерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген

Шілде 16, 2024 - 10:36
Шілде 16, 2024 - 10:40
Қызылордада шенеунік бизнесмендерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген

Антикор Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол  лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.  Нақты айтар борлсақ, жергілікті кәсіпкерлерге ұлының оқуына ақы төлетіп, дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы заңсыз нұсқаулар берген.

Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдікке ілініп отыр.  Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.  Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow