Тегеранда ХАМАС басшысы опат болды
Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылдан кейін мерт болған.
Палестиналық ХАМАС қозғалысы саяси бюросының жетекшісі Исмаил Хания сәрсенбі күні таңертең Тегеранда өлтірілді, деп жазады Mehr агенттігі.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы таратқан мәлімдемеге сенсек, Исмаил Хания мен оның оққағары Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылдан кейін мерт болған.
"Қаһарман Палестина халқына және Ислам халқына, сондай-ақ осы уақытқа дейін қарсыласып келген жауынгерлер мен Иранның асыл халқына көңіл айта отырып, бүгін таңертең (2024 жылдың 31 шілдесі) Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылдан Исмаил Хания мырза мен оның бір оққағары шейіт болғанын хабарлаймыз", — делінген Ислам революциясы Сақшылар корпусы мәлімдемесінде.
Сіздің реакцияңыз қандай?