Стамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың пилоты әуеде көз жұмды

Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Қазан 9, 2024 - 23:19
Қазан 10, 2024 - 11:15
Стамбұлға ұшып бара жатқан ұшақтың пилоты әуеде көз жұмды
Фото: pixabay.com

Turkish Airlines әуе компаниясының ұшқышы Сиэтл – Стамбұл бағытындағы рейсті орындау барысында көз жұмды, – деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Әуе кемесі Нью-Йоркте шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Оқиға 8 қазанда болған. Ұшақтың 59 жастағы пилоты Ильчехин Пехливан әуе сапары кезінде есінен танып қалған. Экипаж оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Ұшақтың екінші ұшқышы шұғыл түрде Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайына қонуға сұраныс жасады. Жолаушылар Стамбұлға басқа рейстермен жеткізілді.

Turkish Airlines өкілдерінің айтуынша, пилот Пехливан Ильчехин үнемі медициналық тексерістерден өтіп жүрген және денсаулығына байланысты ешқандай мәселе анықталмаған. Соңғы тексеріс наурыз айында өткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow