Қырғызстанда жүк көлігі 29 баланы қағып кетті (ВИДЕО)
Қырғыз Республикасының Созақ ауданында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кетті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Kabar.kg сайтына сілтеме жасап.
Жалал-Абад облысының Созақ ауданында бүгін, 2 мамыр күні сағат 13:30 шамасында балмұздақ таситын шағын көлік 29 баланы қағып кеткен. Қайғылы оқиға мәдени іс-шара кезінде болған. Жасөспірімдер «Манас» жырынан үзінді оқып тұрған.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зардап шеккендердің жасы 9-дан 16 жасқа дейін. Қазіргі уақытта ауруханаға 7 бала жатқызылды, олар реанимацияда, үшеуінің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Созақ аудандық ауруханасында 3 бала, КҚКО-да 8 бала ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы орташа ауыр.
Төтенше жағдай орнында 11 балаға көмек көрсетілді, олар амбулаториялық емдеуге жіберілді.
Полицияның хабарлауынша, жүргізуші көлікте болмаған. Ол жүк көлігін тоқтатуға тырысқанымен, тежегіш істен шығып, таудың баурайымен төмен қарай жүріп кеткен. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?