Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің «өл, өлтір» деп сыбырлағанын айтты.

Маусым 21, 2024 - 11:06
Маусым 21, 2024 - 11:07
Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Фото: видеодан кадр

20 маусымда Түркістан облыстық соты екі баласын тұншықтырып өлтірген қызылордалық анаға үкім шығарды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Otyrar басылымының мәліметінше, сотталған адам орта режимдегі колонияда 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Істі алқабилер бірнеше ай бойы қарады. Бұл процесті журналистерге сотталушы мен алқабилерді көрсетпеу шартымен жариялауға рұқсат етілді», - делінген хабарламада.

Бота Хамитқызының адвокаты сотталушының психикалық ауытқуы барына сенімді. Қазақшалап айтқанда, «ішіне жын кірген» деген заңгер мұғалімнің берген жауаптары сәт сайын құбылып отырғанын айтады. Және бұған дейін бір айға үйінен шығып кететін кездері де болған екен.

«Өз жауабында қорғауымдағы азамат құлағына біреулердің «өл, өлтір» деп сыбырлағанын айтты. Көзіне үнемі елес көрінетінін жеткізді. Балалары да құбыжық болып елестеген дейді. Біз үкіммен келіспейміз. Апелляцияға береміз», – деді Айнагүл Рүстемова.

Соттағы психикалық сараптама 31 жастағы келіншектің ақыл-есі дұрыс деген шешімге келген.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте полицейлер екі баласын өлтірді деген күдікпен олардың анасын ұстағаны хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow