Түркістан тұрғыны арыстан мен жабайы құстарды үйінде асыраған

Қыркүйек 11, 2024 - 16:13
Қыркүйек 11, 2024 - 16:45
Түркістан тұрғыны арыстан мен жабайы құстарды үйінде асыраған

Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі, деп жазады Sadaqmedia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі.

Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттігі үшін асырағанын жеткізді.

Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу әрекеттері жүріп жатыр.  

Болған оқиғаның бүкіл мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow