«Сонау бала кезден»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арасында байланыс барын мойындады

Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ.

Шілде 21, 2024 - 14:53
Шілде 21, 2024 - 14:53
«Сонау бала кезден»: Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен арасында байланыс барын мойындады
Instagram/nurlan_alimzhanov_official

Отандық танымал әнші Әйгерім Қалаубаева ел арасында жеке өміріне қатысты тарап кеткен қаңқу сөздерге жауап беріп, Нұрлан Әлімжанмен байланысы туралы ашып айтқан

Бұл туралы әншінің қзі Instagram-дағы парақшасында жазған. 

"Қымбатты менің парақшамдағы алтын жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз!" - деп жазды Әйгерім Қалаубаева.

"Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты! О, жаратқан ием! Елім, ата-анам, ер азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын! Әмин!" - дейді әншінің өзі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikerim Kalaubaeva (@aikerim_kalaubaeva_official)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow