Ақтауда никаб киген қыздар көшеде «қару» ұстап жүр

Шілде 28, 2024 - 21:31
Шілде 28, 2024 - 21:36
Ақтауда никаб киген қыздар көшеде «қару» ұстап жүр

Ақтауда никаб киген екі қыз ойыншық автоматтарын ұстап, түнде көше аралап жүрген, -  деп жазады Sadaqmedia.kz.

26 шілдеде кешке ол күйеуімен кафеден үйіне жаяу қайтып келе жатқан. 5-ықшамауданнан 4-ықшамауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан екен. Сол кезде ер адамға автомат кезеген екі қызды көріпті.

“Олар мәз болып, күліп жатты. Шынымды айтсам, мен таңғалдым, өйткені басында бұл ойыншық автомат екенін білмедім. Кейін атылған даусына қарап, ойын екенін түсіндім”, – дейді тұрғын.

Ол мұндай әзілдің орынсыз екенін айтты.

“Олардың арам ойы болмағанын білемін. Меніңше, ерегесіп істеген сияқты. Десе де, бұл мүлдем күлкілі емес. Сол кезде мен қатты қорқып кеттім", – деді ол.

Тағы оқыңыз: «Таңертең Ауғанстанға аттанамыз»: желіде қара хиджаб киіп, көк ту жамылған жас қыздар жұртты шошытты (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow