Трампты кім атқаны белгілі болды

Атқан адамды құпия қызмет өлтірген.

Шілде 14, 2024 - 12:52
Шілде 14, 2024 - 12:52
Трампты кім атқаны белгілі болды
Фото: NY Post

Сенбі күні бұрынғы президент Дональд Трампты өлтірмек болған адамның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды, деп хабарлайды New York Post басылымы.

Пенсильвания штатындағы Бетел-парк тұрғыны Томас Крукс Питтсбург маңындағы Батлер көшелеріндегі митингіде оқ жаудырды, оқтың бірі Трамптың құлағына тиді.

«Крукс Butler Farm Show сахнасынан 130 ярд қашықтықта орналасқан өндірістік ғимараттың төбесінде болды», дейді дереккөз.

Оны Құпия қызмет снайперлері өлтірді. Оның мылтығы кейінірек табылды.

Бетел паркі — Батлердегі митинг алаңынан оңтүстікке қарай 40 миль қашықтықта орналасқан ауыл.

Крукстың республикашыл президенттікке болжамды кандидатты не себепті атқаны белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде күні кешке Пенсильваниядағы сайлауалды науқанында АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған болатын. Оның құлағы жарақаттанды, митингте бір қатысушы қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Атқан адамды құпия қызмет өлтірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow