«Өте өкінішті!»: Қырғызстан президенті Жапаров Бішкектегі жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады
Бішкектегі төбелес кезінде зардап шеккендер саны артып келеді. Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер саны 41-ге жетіп отыр. Бұған дейін 29 адам зардап шекті делінген болатын, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
11 адам қатты жарақат алып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер олардың біріне бас сүйегіне зақым келген, ал екіншісінің жамбас сүйегі сынған деген анаықтама беріп отыр.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекте болған жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады.
"Өкінішке қарай, баршамызды алаңдатып отырған жағымсыз оқиғаға тап болдық. Осы арада ақиқатты білсе де, білмесе де топтардың іс-әрекетінің кесірінен халқымыз бен мемлекетіміздің көпшілігі зардап шегіп, арандатушы күштердің арбауына түсіп жатыр. 13 мамырда болған оқиғаға жалған да, рас ақпаратты да таратып жатты, оның салдарын бәріміз көрдік. Иә, құқық қорғау органдары дер кезінде шара қолданып, өз әрекеттерін дер кезінде жұртшылыққа жария етсе, бәлкім бұлай болмас па еді?", - дейді президент.
13 мамырда Бішкектегі студенттерге арналған жатақханалардың маңында жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер арасында қақтығыс болған еді. 17 сәуір күні кешкі уақытта жатақхана маңына 300-ден астам адам жиналып, шетелдіктерден кек алуға жиналды. Осыдан кейін 700-ден аса пәкістандық студент елден шығарылған. Артынша Бішкектің бірқатар ауданында наразылық акциялары өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?