«Заңды некенің жауапкершілігі көп»: Блогер тоқал болғысы келетінін айтты (ВИДЕО)

Қазан 29, 2024 - 17:28
«Заңды некенің жауапкершілігі көп»: Блогер тоқал болғысы келетінін айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Ментор Динара Абдоллақызы өзінің тоқал болғысы келетінін ашып айтты, — деп жазады Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Желіге жүктеген видеосында ол тоқалдардың міндеті мен жауапкершілігі аз екенін айтты.

«Менің тоқал болғым келеді. Неге десеңіз жауапкершілік алғым келмейді. Егер заңды некелессең сәлем саласың, таңда ерте тұрасың, таңғы ас істеп, енең мен күйеуіңнің жағдайын жасап жүресің. Маған ол мүлдем ұнамайды. Өзімді жақсы көргенім соншалық ұйқымды қандырып тұрамын. Ал тоқал болсаң сенің күтушің болады. Таңғы, түскі, кешкі астың барлығын дәмханадан ішесің. Бірақ тоқал болуыма анам қарсы. Онымен жеке қалғанда сұрап едім бірден қарсылығын білдірді. Біз Қызылордадан болғаннан кейін ондайға қатты қараймыз. Ал Алматыда біредің көңілдесі, тоқалы болу қалыпты жағдай», — деді ол.

Ал желі қолданушылары болса, тоқалды бәйбішенің жағдайын жеңілдету үшін алатынын жарыса жазды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow