Тоқаев Әзербайжанда жүр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді.
"Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды", - делінген хабарламада.
Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?