Жоғарғы сот Назарбаевтың дүние-мүлкін тәркілеуден бас тартты
Жоғарғы сот экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлкін тәркілеуден бас тартты.
«Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұловтың арызын қарау бойынша жоғарғы сот Назарбаевтың мүлкін мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы талаптарын одан әрі қарауға негіз жоқ деп тапты» деп хабарлады жоғарғы сот баспасөз қызметі.
Смағұловтың соттағы экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуге қол жеткізу үшін жасаған бұл үшінші әрекеті.
Қайыргелді Смағұлов Назарбаевтың президент болған кезінде бүкіл адамзатқа қауіп төндіргенін айтты. Бұған дейін Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты, кейін елорда соты ол кісінің өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?