Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Республикалық телеарналар тікелей эфир режимінде көрсетеді.

Қыркүйек 2, 2024 - 09:42
Қыркүйек 2, 2024 - 09:43
Бүгін президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
фото: akorda.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауы сағат 11:00-де барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow