«Төртінші жүз»: саясаттанушы өзге ұлттарды бөлек ру етіп қазаққа қосу мәселесін көтерді

Қазақ елінде ұлты қазақ емес ұлттар көп. Олар ешқайда көшпейді, оны ашық түрде айту керек. Олар Қазақстанға сіңіп кетті.

Ақпан 26, 2024 - 15:49
Ақпан 26, 2024 - 15:50
«Төртінші жүз»: саясаттанушы өзге ұлттарды бөлек ру етіп қазаққа қосу мәселесін көтерді
adyrna.kz

Ресейден оралған этникалық қазақ, саясаттанушы Аман Мәмбетәлі басқа ұлттарды төртінші жүз етіп қосу керек екенін айтты, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол "NE BOLDY" Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

"Бізге қазірден бастап төртінші жүз дегенді ойластыру керек. Себебі, қазақ елінде ұлты қазақ емес ұлттар көп. Олар ешқайда көшпейді, оны ашық түрде айту керек. Олар Қазақстанға сіңіп кетті. Менің баламмен бірге орыстың баласы оқиды. Оның менталитеті қазақи, орыстың менталитеті қандай екенін мен білемін, Ресейде тұрған адаммын. Біз сұраққа қазір жауап бермесек, оған басқа біреу жауап береді. Ресейдің орысымен, қазақтың орыс бірден байқалады. Олардың ұлты бірдей болғанымен, менталиттері бөлек. Жақында әлеуметтік желілерден көріп қалдым. Американың азаматы, "мен американдықпын, руым шотландық" дейді. Негізі Шотландияның адамы ғой, бірақ әдемі айтылды. Осымен біз идентификация, сепаратизм, сама идентификация, осознание мәселелерін осы жерден алып тастаймыз. Сондай-ақ комплекс те кетіп қалады. Ешкім, ешкімге ренжімейді. Бұл бір толқын кеткеннен кейін шешіліп кететін нәрсе деп ойлаймын", - деді саясаттанушы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow