Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Наурыз 11, 2024 - 09:31
Наурыз 11, 2024 - 09:56
Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат  порталы.

«Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!», - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow