Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжікстанда жүр
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Ақорда 22-23 тамыз күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапармен баратынын мәлімдеген болатын.
Қазақстан мен Тәжікстанды қандай мүдделер тоғыстырады? Kazinform тілшісі осы сұраққа жауап іздеп, екі ел серіктестігінің жай-күйін біліп, қарым-қатынасына шолу жасады.
Сіздің реакцияңыз қандай?