Ринат Заитовқа «депутаттыққа түспей-ақ қой» деп ақша бермек болған

1 млн 600 мың теңге несием бар, соны төлей алмай жүрмін.

Маусым 6, 2024 - 10:32
Маусым 6, 2024 - 10:37
Ринат Заитовқа «депутаттыққа түспей-ақ қой» деп ақша бермек болған
Ел.кз

Мәжіліс депутаты Ринат Заитов сайлауға түспек болғанда қомақты ақша ұсынып, «бармай-ақ қойшы» дегендер болыпты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ринат Заитовтың өзі ютуб арналардың біріне берген сұқбатында айтты. Алайда ол мұндай ұсынысты кімдер жасағанын айтпады.

«Келіссөз жүргізген өзімнің досым. «Сайлауға түспей-ақ қойшы!» деді. Екінші ұсыныс – «өтпей қалсаң шулатпай-ақ қойшы!» деген сыңайда болды. Ол әлі Amanat-қа келмей тұрған кезім. Содан кейін «бұл әңгіме ешқайда шықпасыншы!» деп өтінді. «Ұсыныс болғанын айтамын, бірақ сіздерді айтпай-ақ қояйын» дедім, - дейді депутат.

Сондай-ақ ол отбасын асырау үшін 1,6 млн теңге несие алып, оны әлі төлей алмай жүргенін айтып мұңайды. Айтуынша, несиені депутат болардан бұрын үгіт-насихат жүргізетін кезде отбасын асырау үшін алған.

«1 млн 600 мың теңге несиесін  1 жылдан бері төлеп жүрмін. 800 мың теңге жалақы аламын. Оның жартысы айдың ортасында, қалған бөлігі ай соңында түседі. Депутаттың өзі несиесінен құтыла алмай жүргенде қарапайым жұртқа оңай емес. Мен оны түсінемін. Айтып та жүрмін»,- деді Ринат Зайытов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow