Тоқаев Путинмен шекаралас аймақтардағы су тасқыны жағдайын талқылады

Сәуір 9, 2024 - 15:09
Сәуір 9, 2024 - 17:13
Тоқаев Путинмен шекаралас аймақтардағы су тасқыны жағдайын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен екі ел шекарасы маңындағы өңірлерде болған су тасқыны жағдайын талқылады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты әрі көпжоспарлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және даму перспективасын талқылады.

Президенттер шекара маңындағы өңірлерде орын алған су тасқыны жағдайын талқылап, екі ел үкіметтеріне табиғи апатқа қарсы күресте өзара ықпалдастықты нығайтуды тапсырды. Тараптар екі елдің қарым-қатынастары дәстүрлі түрде әрі стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow