Тоқаев Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Ақпан 26, 2024 - 16:14
Ақпан 26, 2024 - 16:51
Тоқаев Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар Түркия Президентінің көреген саясаты мен қажырлы еңбегінің арқасында бауырлас елдің одан әрі қарқынды дамып, халықаралық қоғамдастықтағы беделі арта түсетініне сенім білдірді.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы серіктестікті кеңейтуге баса мән бере отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықты өркендету мәселесі жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар тараптар Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезіндегі күн тәртібінің жүзеге асырылу барысын талқылады», - делінген Ақорда таратқан хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow